Асланбек Бадаев: «Резниковтың АСА-дағы болашағы Манфиомен айқасқа байланысты»

АСА ұйымының вице-президенті Асланбек Бадаев қазақстандық Артем Резниковтың алдағы жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап.
14 қыркүйекте Алматыда өтетін АСА 192 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде Резников бразилиялық Рауш Манфиомен кездеседі. Қазір Артемнің еншісінде 25 жеңіс пен 10 жеңіліс бар. Соңғы бес айқасында ол тек бір рет жеңген. Манфионың статистикасы – 17 жеңіс, 8 жеңіліс. Соңғы алты жекпе-жегінде бір ғана жеңісіне қарамастан, ол стойкада ауыр соққыларымен танымал. АСА-да бразилиялық екі рет айқасып, екеуінде де алғашқы раундта нокаутпен жеңілген.
«Резниковқа қазір жеңіс ауадай қажет. Кілт – оның күресінде. Артем тіпті «север–юг» әдісін уәде еткен. Бірақ Манфиомен күресу оңай емес, әрі ол қолмен қатты соғады. Егер Артем байқамай қалса, соққы өткізіп алуы мүмкін. Дегенмен фаворит – Резников. Бұл оның АСА-да өзін дәлелдеудегі соңғы мүмкіндігі болуы ықтимал. Тіпті осы жекпе-жектен кейін Артем лигадан кетуі мүмкін. Әзірге белгісіз. Қалай болғанда да, оның реабилитацияға жақсы мүмкіндігі бар. Бірақ егер Манфиоға жол берсе, жағдай қиын болмақ», – деді Бадаев.
UFC аңызы Хабиб Нурмагомедов Усман мен Топурияны салыстырды
МакГрегор Ақ үйдің көгалында өтетін турнирде жекпе-жекке дайын екенін айтты
Конор оралады: Макгрегор UFC-дің қай турниріне қатысатыны белгілі болды