Кроуфорд абсолютті әлем чемпионы атанды

Кештің басты жекпе-жегі «Аллегиант» стадионында (Лас-Вегас, АҚШ) өтіп, онда мексикалық Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) мен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Cупер орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағы бәске тігілді. Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын және бүкіл қашықтыққа созылды. Көптен күткен текетірес Альварес фаворит саналғанымен, төрешілердің бірауыздан шешімімен (116-112, 115-113, 115-113) Кроуфордтың пайдасына аяқталды. Осылайша америкалық кәсіпқойдағы 42-ші жеңісіне қол жеткізсе, «Канело» мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, Теренс Кроуфорд Сауль Альвареспен жекпе-жек үшін екі салмақ дәрежесіне көтерілді. Бұған дейін америкалық жартылай орта салмақта (2023) және бірінші жартылай орта салмақта (2017) абсолютті әлем чемпионы атанған болатын.
Әлем чемпионаты: Оныншы күн. Тікелей трансляция
Иван Дычко мансабында алғаш рет жеңілді
Қазақстаннан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты