Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында алғашқы алтындар үлестірілді

Ливерпульдегі бокстан әлем чемпионатында алғашқы алтындар үлестірілді

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында алғашқы алтынды өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев иеленді. Ол 75 келіге дейінгі салмақта болгариялық Рами Киванды 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Әйелдер арасында екі финалдық жекпе-жек өтті. 57 келіде үндістандық Жасмин польшалық Юлия Шереметадан 4:1 есебімен басым түсті. Ал +80 келіде польшалық Агата Качмарска үндістандық Нупурды 3:2 есебімен ұтып, ел намысын қорғады.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалында Қазақстан сапынан сегіз боксшы шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер 14 қыркүйек, жексенбі күні өтеді.

Қазақстаннан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы финалға өтті

Әлем чемпионаты: 10 боксшымыз жартылай финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или