Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жеңіліп қалды.
Нұрқожа бұл кезеңде моңғол балуаны Тулга Тумур Очирмен кездесті. Белдесу қарсыластың пайдасына 5:2 есебімен аяқталды.
Осылайша Нұрқожа Қайпанов қола жүлде үшін күресетін болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или