Есенгелді Загребтегі әлем чемпионатында тоқтап қалды

Қазақстандық еркін күрес шебері Асылжан Есенгелді Загребте (Хорватия) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында боз кілемге шықты.
Бұл кезеңде ол Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем жеңімпазы ресейлік Заур Угуевпен белдесті. Тартысты өткен айқас 2:13 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Угуев жартылай финалға жолдама алып, америкалық Джакс Форрестпен кездесетін болды.
Айта кетейік, Заур Угуев – Токио Олимпиадасының чемпионы, 2018 және 2019 жылдары әлем біріншілігін жеңіп алған. Сонымен қатар 2020 жылы Әлем кубогында топ жарып, қазіргі Еуропа чемпионы атанып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или