Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова финалға жолдама алды

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 51 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін қытайлық Ци Синьюймен қолғап түйістірді. Алғашқы раундта төрешілер бірауыздан (5:0) қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп таныды. Екінші үш минутта да Алуа басымдық көрсетті – 4:1.
Соңғы раундта қарсыласы белсенді болып, ұпай жинады. Дегенмен бұл жалпы нәтижеға әсер еткен жоқ – Балқыбекова 4:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының финалына өтті.
Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан - Куба жекпе-жегі 4:1 есебімен аяқталды
Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстаннан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты