МакГрегор Ақ үйдің көгалында өтетін турнирде жекпе-жекке дайын екенін айтты

UFC-дің бұрынғы қос чемпионы Конор МакГрегор ұйым басшысы Дана Уайттың ұсынысын қуана қабыл алды. Ол келесі жылдың жазында Ақ үйдің көгалында өтетін тарихи турнирдің басты жекпе-жегіне шығуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Fighttime.ru сайтына сілтеме жасап.
«Мен қатты қуаныштымын! Мак қайта оралады. Ақ үйдің көгалында айқасу – менің қолымнан келетін ең үздік іс. Қуатым бар, мотивациям жоғары – алға, кеттік! Бұған қоса, бұл маусым айында өтетініне ерекше шаттанып отырмын. Бұрын шілде деп айтқан еді, енді бір айға ертерек болды. Тіпті сәуірге ауыстырса да, қарсы емеспін – туған күнімді ертерек атап өтер едік. Бұл айқас менікі, еш күмән жоқ», – деді ирландиялық спортшы Адам Глинге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Дана Уайт Конорды 2026 жылы АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай өтетін мерекелік шараның басты жекпе-жегіне шығаруға дайын екенін мәлімдеген болатын.
МакГрегор соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде октагонға шықты. Ол кезде Дастин Порьемен үшінші айқаста ауыр жарақат алған еді. Ал өткен жылы Майкл Чендлерге қарсы жоспарланған жекпе-жегі сынған саусаққа байланысты өтпей қалған.
Тордағы Қазақстан мен Өзбекстан текетіресі мерзімінен бұрын аяқталды. Видео