Шымкентте «Ордабасы» мен «Жеңіс» матчында тартысты жеңіс тіркелді

Шымкенттің «Ордабасы» клубы Премьер-лиганың 23-туры аясында өз алаңында елордалық «Жеңісті» тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Шымкентте өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
«Ордабасы» – «Жеңіс» – 2:1
Голдар: Улар Жақсыбаев 71, Муроджон Халматов 73 – Всеволод Садовский 90+1
Бұл жеңістен кейін «Ордабасы» 31 ұпай жинап, турнирлік кестенің ортасында тұрған «Жеңіспен» теңесті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или