Құламбаева Қытайдағы турнидің жұптық сынында финалға шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Хучжоу (Қытай) челленджер турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарыстың 2-ракеткалары Ж.Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жартылай финалда франциялық Эстелль Кашино — қытайлық Шо Фэнмен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда тай-брейкте Жібек пен Вероника табандылық танытты — 7:6 (7:3).
Екінші сетте қазақстандық-словениялық жұп айқын басымдылық көрсетті — 6:1.
Бір сағат 25 минутқа созылған бәсекеде Құламбаева — Эрьявец 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ. Кашино — Фэн 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады.
Жібек Құламбаева — Вероника Эрьявец финалда турнирдің 4-ракеткалары, жапониялықтар Момоко Кобори — Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Дмитрий Попко Дэвис кубогының шешуші кездесуінде жеңіліп қалды
Қазақстан Дэвис кубогын жеңіспен бастады