Бокстан ӘЧ: Махмұд Сабырхан бокстан финалға шықты

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жерлесіміз 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.
Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Енді Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі.
Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан - Куба жекпе-жегі 4:1 есебімен аяқталды
Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстаннан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты