Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының жартылай финалында кубалықты жеңді

Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының жартылай финалында кубалықты жеңді

Ливерпульде World Boxing аясындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезекті жарыс күнінде рингке қазақстандық Санжар Тәшкенбай (50 кг-ға дейін) шықты. Оның 1/2 финалдағы қарсыласы кубалық Алехандро Кларо Фис болды.

Жекпе-жек 4:1 есебімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан өкілі беделді турнирдің финалына жолдама алды.

Айта кетейік, Тәшкенбай – 2023 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2022 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты World Boxing ұйымдастыруымен 4-14 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстаннан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы финалға өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или