Дана Уайт бокс тарихындағы топ-3 жекпе-жекті атады. Ішінде UFC жұлдызы бар

UFC промоушенының президенті Дана Уайт бокс тарихындағы ең үлкен жекпе-жектерді атап, топ-3 қатарына Сауль Альварес пен Терренс Кроуфорд арасындағы алдағы кездесуді қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бокс тарихындағы үш ең үлкен жекпе-жек: Пакьяо – Мейвезер, Макгрегор – Мейвезер, енді Кроуфорд – Канело. Мен осы үш жекпе-жектің екеуінің бір бөлігі болдым. Мұны есте сақтаңдар, жігіттер», – деді Уайт The Jim Rome Show эфирінде.
Альварес пен Кроуфорд арасындағы жекпе-жек 14 қыркүйекке қараған түні Лас-Вегаста өтетін турнирде ұйымдастырылады. Кездесуде екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Сауль Альварес – Теренс Кроуфорд жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
Альварес пен Кроуфорд жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жек алдында көз түйістірді