ГЛАВНАЯ
Әлем футболы
«Барселона» жұлдызы соңғы жаттығуға қатысқан жоқ. Ол «Валенсияға» қарсы ойнамауы мүмкін
Ямаль «Валенсияға» қарсы ойнамауы мүмкін

«Барселона» вингері Ламин Ямаль Ла Лиганың 4-туры аясында 14 қыркүйекте өтетін «Валенсияға» қарсы ойын алдындағы команданың соңғы жаттығуына қатысқан жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Mundo Deportivo жазады. Хабарламаға сәйкес, 18 жастағы каталониялық жұлдыз залда жаттығу өткізген. Ол Болгарияға қарсы өткен (ӘЧ іріктеуі) құрама матчы кезінде алған жарақатынан кейін арқасында жайсыздық сезініп жүр. Оның «Валенсияға» қарсы ойынға қатысу-қатыспауы әлі белгісіз.
Сондай-ақ жаттығуға қатыспағандар қатарында оң тізесін емдеп жатқан Гави мен сол аяғының артқы бұлшық еті жарақаттанған Алехандро Бальде болды.
Серхио Рамос футболдан тыс арманын айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или