Назым Қызайбай ӘЧ-2025 жартылай финалында өзбек боксшысын жеңді

Назым Қызайбай ӘЧ-2025 жартылай финалында өзбек боксшысын жеңді

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульдегі (Англия) әлем чемпионатында кезекті жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 кг салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда атақты қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Сабина Бобокуловамен жұдырықтасты.

Жекпе-жек 4:1 есебімен Қазақстан өкілінің пайдасына аяқталды. Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің финалына шықты.

Айта кетейік, Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2016, 2025) және 2021 жылғы Азия чемпионы. 2025 жылы ол World Boxing аясында өткен отандық Әлем кубогында алтын медаль иеленді.

Қазақстаннан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы финалға өтті

Әлем чемпионаты: 10 боксшымыз жартылай финалға жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или