Конор Макгрегор Ақ үйдегі UFC турниріне қатысады

Конор Макгрегор Ақ үйдегі UFC турниріне қатысады

UFC-дің жартылай жеңіл және жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, ирландиялық файтер Конор Макгрегор 2026 жылдың маусымында Ақ үй аумағында өтетін UFC турнирінде октагонға шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл сөзсіз менің оқиғам. Қайта оралатыныма өте қуаныштымын. Ал мен ең жақсы істейтін ісімді көрсетуге Ақ үйдің көгалынан артық қандай орын болуы мүмкін? Мен шексіз толқып тұрмын, шабыттымын және энергияға толымын», - деді Макгрегор Championship Rounds басылымына.

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт Макгрегорға Ақ үйдегі турнирде жекпе-жек ұйымдастыру мүмкіндігіне қатысты жауап беріп, ирландиялықтың жарысқа қатысатынына үміт білдірген еді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или