Серхио Рамос «Сантьяго Бернабеу» стадионында концерт бергісі келеді

Серхио Рамос «Сантьяго Бернабеу» стадионында концерт бергісі келеді

Мадридтік «Реалдың» аңызға айналған бұрынғы капитаны және Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы Серхио Рамос болашақта «Сантьяго Бернабеу» стадионының сахнасына жаңа қырынан - музыкалық орындаушы ретінде шығу арманын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы EFE агенттігі мәлімдеді.

Қыркүйектің басында 39 жастағы қорғаушы «Сибелес» атты өзінің жеке трегін таныстырды. Ән Мадридтегі алаңға арналған, онда «патша клубы» дәстүрлі түрде өз трофейлерін атап өтеді.

«Ертең-ақ «Бернабеуде» концерт жариялағым келеді, бірақ оған біртіндеп дайындалу керек. «Сибелес» композициясын мен «Реалдан» кеткенде, төрт жыл бұрын жаздым. Музыка әрқашан менімен бірге болды және өмірімнің маңызды бөлігіне айналды», — деді Рамос.

Еске сала кетейік, испаниялық қорғаушы 2005 жылдан 2021 жылға дейін «Реал» сапында өнер көрсетіп, клубпен бірге Испания чемпионы атағын бес рет және ел кубогын екі рет жеңіп алды. Қазір ол карьерасын Мексиканың «Монтеррей» клубында жалғастырып жатыр.

«Реал Мадрид» жұлдызы Алматыға келмеуі мүмкін

Чемпиондар лигасына жаңа ережелер енгізілді

Англия футбол қауымдастығы «Челсиге» 74 рет ереже бұзды деп айып тақты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или