Эмин Сефершаев әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін. Хорватия елшілігі визасын қайтарып алды

Эмин Сефершаев әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін. Хорватия елшілігі визасын қайтарып алды

Грек-рим күресінен Ресей құрамасының бас бапкері Гоги Когуашвили Хорватия елшілігі Еуропаның екі дүркін чемпионы Эмин Сефершаевтың визасын қайтарып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Хорватия елшілігі Эмин Сефершаевқа бұған дейін берілген визаны ешқандай себепсіз қайтарып алды. Садык Лалаевке әлі виза берілген жоқ, мүмкіндіктер барған сайын азайып жатыр.

Эмин — қазіргі Еуропа чемпионы әрі әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері, ал Садык — әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегері. Екеуі де биыл Хорватияда, сондай-ақ былтыр да сәтті өнер көрсеткен болатын. Не боларын күтіп отырмыз, ұшып шығуға екі-ақ күн қалды», — деп келтіреді Когуашвилидің сөзін ТАСС.

Күрестен әлем чемпионаты Загребте 13–21 қыркүйек аралығында өтеді.

Күрес түрлерінен әлем чемпионатының тікелей трансляциясы

Қазақстандық еркін күрес шеберлерінің әлем чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Күрес түрлерінен әлем чемпионатына кімдер барады?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или