Әлем чемпионаты: Айбек Оралбай финалға өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара мықтыны анықтады.
Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті.
Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатының алдын жүлдесі үшін бақ сынайды.
Қазақстаннан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты
Виктория Графеева – әлем чемпионатының қола жүлдегері
Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или