Габи Кики Ирактың «Захо» клубымен келісімшартқа отырды

«Ақтөбенің» бұрынғы камерундық қорғаушысы Габи Кики Ирактың «Захо» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кики «Ақтөбе» сапында барлық турнирлерде 36 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Қазақстандық клубқа ауысқанға дейін футболшы Молдова «Шерифінде» ойнаған.
Тамыз айында 30 жастағы футболшы «Ақтөбеден» кетіп, «Крылья Советовке» барған, бірақ медициналық тексеруден өте алмай қалған, содан кейін Самара клубы келісімшартқа отырудан бас тартқан. Кейін «Ақтөбе» де камерундықтан бас тартқан.
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жетістігіне баға берілді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или