Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен жұптасып, Қытайдың Хучжоу қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Құламбаева мен Эрьявец үндістандық Рия Бхатия мен франциялық Кароль Монне жұбымен кездесіп, 6:1, 2:6, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.

Осылайша, қазақстандық спортшы және оның серіктесі жартылай финалда франциялық Эстель Кашино мен қытайлық Шуо Фэн дуэтімен күш сынасады.

Кездесу сенбі, 13 қыркүйек күні өтеді.

Қазақстан Дэвис кубогын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Бали турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Францияда 46 минутта жеңіліп қалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или