Виктория Графеева әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінің жартылай финалында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз (60 келі) ақтық сын үшін өткен таласта Бразилия өкілі Ребека Де Лима Сантоспен кездесті.
Төрешілердің басым көпшілігі бразилиялық боксшыны жеңімпаз деп таныды. Осылайша, бұрымды боксшымыз әлем чемпионатының финалына шыға алмады.
Осылайша, Виктория Графеева Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.
Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или