10 қазақстандық боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
                  Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жектері толықтай аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса жеңіл салмақтағы ширек финал жекпе-жектері бүгін, яғни 12 қыркүйекте өтті. Бұл салмақтарда сынға түскен Санжар Тәшкенбай (50 келі) мен Назым Қызайбай (48 келі) қарсыластарын сенімді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Осылайша, 1/8 финалда өнер көрсеткен 19 боксшымыдың оны жартылай финалға жолдама алды:
Әйелдер құрамасынан жолдама алғандар:
- 48 келі: Назым Қызайбай
 - 51 келі. Алуа Балқыбекова
 - 60 келі. Виктория Графеева
 - 65 келі. Аида Әбікеева
 - 70 келі. Наталья Богданова
 - 80+ келі. Елдана Талипова
 
Ерлер құрамасынан жолдама алғандар:
- 50 келі: Санжар Тәшкенбай
 - 55 келі. Махмұд Сабырхан
 - 70 келі. Төрехан Сабырхан
 - 90+ келі. Айбек Оралбай.
 
Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер басталады. Қазақстандық төрт боксшы бүгін финал жолдамасын сарапқа салатын болады.
Әлем чемпионаты. 1/2 финал. Тікелей трансляция
Әлем чемпионаты: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды
Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды