Санжар Тәшкенбай үнді боксшысын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды

Ливерпульде бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аса жеңіл салмақта сынға түсіп жатқан боксшымыз әлем чемпионатының ширек финалында үндістандық боксшы Джадумани Сингх Мандегбаммен кездесті.
Әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай 1/4 финалда Жадумани Сингх Манденгбамнан (Үндістан) айласын асырып кетті. Отандасымыз қарсыласымен қашықтықта жұдырықтасып, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді ол ертең жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Алехандро Кларамен (Куба) жолығады.
Осылайша әлемдік додада жүлдеге қол жеткізген боксшыларымыздың саны онға жетті. Санжарға дейін тоғыз боксшымыз жартылай финалға өткен еді.
Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды