Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жек алдында көз түйістірді

Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жек алдында көз түйістірді

Екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион Сауль Альварес (63-2-2, 39 КО) пен бірінші орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) көз түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «Эллиджент Стэдиумда» өтеді. Айқас барысында мексикалық боксшының барлық титулы сарапқа салынады. Кеш 13 қыркүйектен 14 қыркүйекке қараған түні өтеді.

Айта кетейік, бұл кеште 2 Олимпиаданың қола жүлдегері, аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иван Дычко да өнер көрсетеді. Ол (15-0, 14 КО) бокс кешінде америкалық Джермейн Франклинмен (23-2, 15 КО) кездеседі. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Иван Дычко қатты қуанып жатқанын айтты

Аида Әбікеева Токио Олимпиадасының чемпионын жеңді

Бокстан ӘЧ: Карина Ибрагимова Олимпиада жүлдегеріне жол берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или