Әлем чемпионаты: Назым Қызайбай ширек финалда украиналық боксшыны қапы қалдырды

Ливерпульде бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
48 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан бұрымды боксшымыз әлем чемпионатының ширек финалында украиналық боксшы Ханна Охотамен кездесті.
Нәтижесінде, қазақ қызы айқын басымдықпен жеңіске жетіп жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін сегіз боксшымыз жартылай финалға шығып қойған еді.
Әлем чемпионаты. 1/2 финал. Тікелей трансляция
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или