Аян Байдәулетов польшалық клубтың назарына ілікті

«Ақтөбе» және Қазақстан U-21 құрамасының жас жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетов варшавалық «Легияының» назарына ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Польшалық клубтың скауттары 19 жастағы жартылай қорғаушыға «Ақтөбеге» (1:0) қарсы Конференция лигасының тамыздағы ойынынан кейін назар аударды. Осыған дейін футболшыға алматылық «Қайрат» та қызығушылық танытқаны хабарланған болатын.
8 қыркүйекте Байдәулетов Англиямен матчқа негізгі құрамда шығып, Қазақстан жастар құрамасының сапында дебют матчын өткізді.
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жетістігіне баға берілді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или