Жарақаты бар Джуд Беллингем «Қайратқа» қарсы матчқа қатыса ма?

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем алаңға қыркүйекте оралады деп болжап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шілде айында футболшының иығына ота жасалды. Бастапқыда дәрігерлер оннан он екі аптаға дейін қалпына келтіру кезеңін болжады.
The Athletic басылымының мәліметінше, футболшы матчтарға жақын арада қатыса алады. Дегенмен, клуб Джудты қазан айына дейін де күтуге жайын.
Өткен маусымда жартылай қорғаушы «Реал» сапында барлық турнирлерде 58 матч өткізіп, 15 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.
Еске салайық, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда Чемпиондар лигасының «Қайрат» - «Реал» ойыны өтеді.
Opta: «Қайрат» Чемпиондар лигасында жеңіске жете алмайды
ЧЛ-2027 финалы Мадридте өтетіні ресми түрде анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или