Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дзюдодан Азия чемпионатын тоғыз медальмен бастады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дзюдодан Азия чемпионатын тоғыз медальмен бастады

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Индонезия астанасы Джакарта қаласында Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтық доданың алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 5 қола түсті.

Ел құрамасынан Фархат Зейнолла (50 келі) чемпион атанса, Бекнұр Амангелді (55 келі), Таңжарық Момынтай (60 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі) күміс медаль алды.

Ал Әбіш Пердалы (50 келі), Аслан Ерғалиев (55 келі), Зере Талғатқызы (40 келі), Аяжан Ринатқызы (48 келі) және Жанайым Маратбек (52 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Құрлықтық дода 10-14 қыркүйек аралығында өтеді.

Жастар арасындағы АЧ: Қазақстан құрамасы анықталды

Отандық Олимпиада чемпионы халықаралық аренада тәжірибесімен бөлісіп жүр

Қазақстандық дзюдошылар III Түркі универсиадасынан олжалы оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или