Opta: «Қайрат» Чемпиондар лигасында жеңіске жете алмайды

Opta Analyst компаниясының статистикалық алгоритмдеріне негізделген суперкомпьютер алматылық «Қайраттың» 2025/26 маусымында Чемпиондар лигасын жеңіп алу мүмкіндігін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Компьютер 10 000 рет симуляция өткізді. Нәтижесінде «Қайрат» бірде-бір рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атана алмады. Дәл осындай көрсеткішке Кипрдің «Пафосы» мен Әзербайжанның «Қарабағы» да ие болды. Ал қалған барлық клуб 10 000 талпыныстың ішінде ең болмағанда бір рет Еуропаның басты турнирінде жеңіске жете алды.
Турнирдің басты фавориті ретінде Opta «Ливерпульді» атады - ағылшын клубының жеңіске жету ықтималдығы 20,4 пайыз деп бағаланған.
Еске сала кетейік, қазіргі Чемпиондар лигасының иегері - «ПСЖ».
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жетістігіне баға берілді
ЧЛ-2027 финалы Мадридте өтетіні ресми түрде анықталды