Кукушкин Ренндегі «челленджерді» ірі жеңіліспен аяқтады

Кукушкин Ренндегі «челленджерді» ірі жеңіліспен аяқтады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин беларусьтік Егор Герасимовпен жұптасып, Ренн (Франция) қаласындағы «челленджердің» жұптық сынында жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Кукушкин мен Герасимов бельгиялық Микаэль Гиртц пен нидерландтық Тиймен Лоф дуэтімен кездесіп, екі сетте жеңілді - 2:6, 0:6. Ойын 46 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық теннисші мен оның серіктесі турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетейік, Ренндегі «челленджердің» алғашқы кезеңінде Михаил Кукушкин мен Егор Герасимов франциялық Робен Катри / Кенни Де Шеппер жұбын 7:6, 6:4 есебімен жеңген болатын. Турнирдің жүлде қоры - 145 250 еуро. Жұптық сында жеңіске жеткендер 7 220 еуродан және 100 рейтингтік ұпайдан алады.

Елена Рыбакина ешкім күтпеген идеясын айтты

Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыластары анықталды

Төрт топ-теннисші Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыспайды. Олар кімдер?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или