Аян Байдәулетовке Варшаваның «Легиясы» қызығушылық танытып жатыр

Аян Байдәулетовке Варшаваның «Легиясы» қызығушылық танытып жатыр

«Ақтөбе» мен Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетовке Варшаваның «Легиясы» қызығушылық танытып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Серый CARDINAL» арнасына сілтеме жасап.

«Қызыл-ақтылардың және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетов поляк футбол нарығы өкілдерінің назарын аударды.

Тамыз айында Варшавада өткен «Легия» – «Ақтөбе» (1:0) кездесуінен кейін ойынға бақылау жасаған скауттар талантты хавбекке қызыға бастады. Бұған дейін ойыншыға алматылық «Қайрат» та назар аударған болатын.

Байдәулетов 8 қыркүйекте Англияға қарсы ойында Қазақстан жастар құрамасы сапында дебютін өткізіп, негізгі құрамда алаңға шықты.

Премьер-лигада жас футболшы бұған дейін алматылық «Қайраттың» қақпасына гол соғып үлгерді. Бұл клуб ойыншыны бұрын да қатарына қосуды қалаған еді.

Польшада Байдәулетовтің болашақта Экстракласса клубында өнер көрсетуі мүмкін деген әңгімелер айтылып жатыр», - делінген телеграм-арна хабарламасында.

Айта кетейік, Байдәулетов – ақтөбелік футболдың түлегі. Ол ҚПЛ-дегі алғашқы матчын 2025 жылдың мамырында «Жеңіске» қарсы өткізді: кездесудің 86-минутында алаңға шығып, шабуылшы Джордже Ивковичті алмастырған.

ЧЛ-2027 финалы Мадридте өтетіні ресми түрде анықталды

ҚПЛ-дың топ-матчтарына шетелдік төрешілер шақырылды

«Қайрат» – «Реал» матчына қатысты маңызды мәлімдеме жасалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или