Алексей Морозов жаңа маусымның басталуына қатысты пікір білдірді

ҚХЛ президенті Алексей Морозов жаңа маусымның басталуына қатысты пікір білдіріп, астаналық «Барыстың» нәтижесін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Matchtv.ru сайтына сілтеме жасап.
— Маусымның басын қалай бағалайсыз?
— Алғашқы ойындар матчтардың болжауға келмейтін деңгейге жеткенін көрсетті. «Барыстың» бастамасын, «Шанхайды», басқа командаларды қараңыздар. Бәсекелестік артып келеді. Бұл – біз күткен, біз ұмтылған нәрсе. «Сочи» маусымын қызықты бастады. Күн сайын бәрі қызығырақ болып барады. «Автомобилист» пен «Ак Барстың» ойыны командаларда бәрі мінсіз емес екенін көрсетті. Осындай чемпионатты барлығымыз бірге қызыға бақылап отырмыз.
«Барыс» қақпашы Оливье Родригпен келісімшартты бұзды
ҚХЛ клубтарына лига 2 млрд рубль бөледі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или