«Қайраттың» бұрынғы бапкері клубтың ЧЛ-дағы жетістігі жайлы пікірін айтты

«Қайраттың» бұрынғы бапкері клубтың ЧЛ-дағы жетістігі жайлы пікірін айтты

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Алексей Шпилевский ASNews.kz (BorodAbata.kz) басылымына берген сұхбатында алматылықтардың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кеше ғана Қайрат Советайұлымен сөйлестік. Оны осы жетістікпен құттықтап, бәрі де заңдылық екенін атап өттім: бұл – талай жыл бұрын басталған жолдың мақсаты. Инфрақұрылым, философия, идея, қазақстандық футболды дұрыс дамытуға қосқан үлес… Бұл – лайық жетістік.

Иә, нәтиже бірден келген жоқ, бірақ бұл оқиға тек «Қайрат» үшін емес, бүкіл ел үшін орасан зор. Тағы да барша халық алдында құттықтап, жігіттерге алдағы уақытта өсе беруді тілеймін — Еуропаның ең мықты турнирінде табысқа жетсін», – деді белорусьтік маман.

Еске сала кетейік, Шпилевский алматылық клубты 2018 бен 2021 жылдар аралығында жаттықтырған. Оның кезінде «Қайрат» ел чемпионы атанған болатын. Қазір ол «Пари НН» клубын басқарады.

ЧЛ-2027 финалы Мадридте өтетіні ресми түрде анықталды

ҚПЛ-дың топ-матчтарына шетелдік төрешілер шақырылды

«Қайрат» – «Реал» матчына қатысты маңызды мәлімдеме жасалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или