Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина YouTube-арна ашты

Уимблдон-2022 жеңімпазы, әлемнің 10-ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өзінің әлеуметтік желілерін белсенді жүргізіп, YouTube арнасында контент жасай бастауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазір корттан тыс жерде де жұмысым көп, әлеуметтік желілер – біз жұмыс істеуге тырысып жатқан бағыт. Әрине, бұл басты басымдық емес. Баяу болса да, біз YouTube-арна құрдық, бірақ дұрыс тепе-теңдікті табуымыз керек деп ойлаймын.
Қазір әлі де көптеген турнир бар, бірақ менің командам бұл іспен айналысып жатыр. Жақын арада YouTube-та және жалпы әлеуметтік желілерде көбірек контент жариялап, осы бағытты дамытамын деп үміттенемін», – деп Рыбакинаның сөзін SportPulse.kz келтіреді.
Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыластары анықталды
Төрт топ-теннисші Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатыспайды. Олар кімдер?