«Челси» агенттерге төлем бойынша заңбұзушылық үшін тергелуде

«Челси» агенттерге төлем бойынша заңбұзушылық үшін тергелуде

Англия футбол қауымдастығы (FA) «Челси» клубын 2009–2022 жылдар аралығында агенттерге төлем жасауға қатысты 74 ереже бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұзушылықтардың көбі 2010/11 маусымынан 2015/16 маусымына дейінгі кезеңге тиесілі. Клубқа агенттермен жұмыс, делдалдармен байланыс және ойыншыларға үшінші тарап инвестициялары бойынша регламентті бұзды деген кінә тағылды.

Айта кетейік, «Челси» 2003 жылдан 2022 жылға дейін ресейлік кәсіпкер Роман Абрамовичке тиесілі болды. Кейін клубты америкалық миллиардер Тодд Боэли бастаған консорциум сатып алған.

Лондондық клубтың өзі анықтаған заңбұзушылықтар жөнінде FA-ға хабарлағаны белгілі. «Челси» 19 қыркүйекке дейін жауап беруі тиіс. BBC Sport дерегінше, санкция ретінде айыппұл, трансферлік тыйым немесе ұпай шегеру қарастырылуы мүмкін. Дегенмен клубтың ашықтық танытып отырғаны ескерілмек.

«Клубты сатып алу келісімі аяқталмай тұрып, жаңа иелер мұқият тексеру барысында бұрынғы қаржылық есепте толық көрсетілмеген деректерді тапты. Осыдан кейін барлық реттеуші органдарға, соның ішінде FA-ға да ресми хабар берілді. Біз процесте толық ашықтық танытып, барлық құжаттар мен архивтік деректерді қолжетімді еттік. Бұл істің тезірек аяқталуына барынша қолдау көрсетеміз», – делінген «Челсидің» ресми мәлімдемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или