Жарақатына байланысты Родриг «Барыспен» қош айтысты

Жарақатына байланысты Родриг «Барыспен» қош айтысты

«Барыс» клубы қақпашы Оливье Родригпен келісімшартты тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, хоккейші жаттығу кезінде жарақат алып, толық медициналық тексеруден өткен. Диагноз қосымша емді талап еткендіктен, ойыншы және клуб ортақ келісіммен қолданыстағы келісімшартты бұзуға шешім қабылдаған.

25 жастағы канадалық голкиперді «Эдмонтон» клубы 2018 жылы драфтта таңдап алған. Өткен маусымда Родриг ҰХЛ-да дебют жасап, сонымен қатар АХЛ-дағы «Бейкерсфилд Кондорс» сапында 41 кездесу өткізді. Оның көрсеткіші – орта есеппен әр ойында 3,12 шайба жіберіп, 89,7% соққыны қайтарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или