Эквадорлық Хоэль Ордоньес Италияға ауысуы мүмкін

Эквадорлық Хоэль Ордоньес Италияға ауысуы мүмкін

«Брюгге» клубының қорғаушысы Хоэль Ордоньес мансабын Италияда жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Фабрицио Романоның мәліметінше, 21 жастағы эквадорлық футболшыға «Интер» қызығушылық танытып отыр. Миландық клуб ойыншыны 2026 жылы қатарға қосқысы келеді. Бұған дейін Ордоньеске «Марсель» мен «Аль-Хиляль» тарапынан да ұсыныс болған.

2024/25 жылғы маусымда қорғаушы 49 матчқа қатысып, 3 гол соқты, бір нәтижелі пас берді және 7 сары қағаз алды. Transfermarkt порталы оның құнын 28 миллион еуроға бағалайды.

Айта кетейік, «Интер» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Қайраттың» қарсыласы болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или