Фрэнк Уоррен: «Фьюри бұл жылы жекпе-жекке шықпайды»

Фрэнк Уоррен: «Фьюри бұл жылы жекпе-жекке шықпайды»

Супер ауыр салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы Тайсон Фьюридің промоутері Фрэнк Уоррен британиялық боксшының болашаққа қатысты жоспары жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«2026 жылы Фьюри Джошуамен кездесуі мүмкін бе? Нақты айта алмаймын. Егер Тайсон келесі жылы жұдырықтасқысы келсе, өзі шешім қабылдайды. Бірақ биыл рингке шығатыны анық емес», – деді Уоррен iFL TV арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Фьюри қаңтар айында мансабын аяқтағанын жариялады. Оның соңғы айқасы былтыр желтоқсанда өтіп, онда украиналық Александр Усикке төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или