Примейра Роналдуды тарихтағы ең үздік ойыншы деп таныды

Примейра Роналдуды тарихтағы ең үздік ойыншы деп таныды

«Әл-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Примейра тарапынан берілген «Барлық уақыттың үздік футболшысы» атағына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл марапат үшін лигаға алғыс айтқым келеді. Өз елімде мұндай жетістікке жету – зор мәртебе», – деді Роналду Liga Portugal Awards рәсімінде.

40 жастағы футболшы – футбол тарихындағы ең көп гол соққан ойыншы. Сондай-ақ ол «Алтын допты» бес рет жеңіп алған, бұл көрсеткіш бойынша тек Лионель Мессиге ғана жол береді (8 мәрте).

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Роналду Гватемала ойыншысы Карлос Руистің рекордын қайталап, әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерінде 39-шы голын соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или