Юта-Вэлли университетінің футбол матчы Чарли Киркке жасалған қастандықтан кейін тоқтатылды

Юта-Вэлли университетінің футбол матчы Чарли Киркке жасалған қастандықтан кейін тоқтатылды

Юта-Вэлли университетінің ерлер футбол командасының сәрсенбіге жоспарланған матчы өткізілмейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Университет басшылығы ресми мәлімдеме жасап, UC Davis командасына қарсы кездесудің «кампус аумағындағы белсенді полиция операциясына» байланысты тоқтатылғанын айтты.

UVU өкілдерінің айтуынша, ойын басқа күнге ауыстырылмайды. Матч жергілікті уақыт бойынша 19:00-де UCCU стадионында өтуі керек еді. «Вулверинс» (5–0) енді келесі кездесуін 15 қыркүйекте сырт алаңда UC San Diego-ға қарсы өткізеді.

Белгілі болғандай, сәрсенбі күні күндіз Чарли Кирк университет кампусының ортасында студенттермен және басқа адамдармен саяси тақырыптағы пікірталас кезінде оққа ұшқан. Ол мойнынан жараланып, ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Бұл туралы Дональд Трамп хабарлап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Құқық қорғау органдары қаскөйді әлі іздестіріп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или