Өткен маусым қорытындысы бойынша КХЛ командалары қаржылай сыйақы алады

Құрлықтық хоккей лигасы өткен маусым қорытындысы бойынша клубтарға шамамен 2 млрд рубль бөледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ең ірі төлемді «Локомотив» алады – 188,7 млн рубль (ҚҚС-пен). Сондай-ақ 100 млн рубльден астам қаржыға «Трактор» (157,2 млн), «Салават Юлаев» (123,9 млн), «Динамо» Мәскеу (117,7 млн), «Ак Барс» (111,3 млн), «Авангард» (110,4 млн) және «Металлург» (106,8 млн) қол жеткізеді.
Клубтар арасында кірісті бөлу тәжірибесі КХЛ-де 2014/15 маусымынан бері қолданылады.
2023/24 жылғы маусым қорытындысында клубтарға 1 175 183 272 рубль бөлінген болатын. Қаржы көздері – ТВ және беттинг құқықтарының сатылымы, құмар ойындардан аударымдар және лига бөлген қаражат. Қаражат үлестіру тәртібі: 30%-ы клубтың спорттық жетістігіне қарай, 70%-ы он көрсеткіш бойынша жасалған рейтинг негізінде бөлінеді.