УЕФА Чемпиондар лигасының 2027 жылғы финалын Мадридке берді

УЕФА 2027 жылғы Чемпиондар лигасының финалы өтетін орынды түпкілікті бекітті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Cope дерегінше, Еуропа футболының басты органы шешуші матчты Мадридтегі «Атлетиконың» үй аренасы – «Рияд Эйр Метрополитанода» өткізуге тоқталған.
Ресми мәлімдеме бүгін, 11 қыркүйекте, Тиранада өтетін Атқарушы комитеттің кезекті отырысынан кейін ұйым басшысы Александр Чефериннің қатысуымен жасалады.
Айта кетейік, «Метрополитаноға» финалды өткізу құқығы берілуі мүмкін екені көктемде-ақ хабарланған еді. Сол кезде Мадрид Бакумен болған бәсекеде жеңімпаз атанғаны айтылған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или