Шорт-тректен Қазақстан іріктеу чемпионаты: алғашқы жеңімпаздар анықталды

11 қыркүйекте Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Республикалық жарыс аясында 1500 метр қашықтықтағы жеңімпаздар анықталды.
Ольга Тихонова әйелдер арасында үздік атанды. Екінші болып Малика Ермек келсе, Полина Омельчук үздік үштікті түйіндеді.
Ерлер бәсекесінде жеңіс тұғырының биігіне Әділ Ғалиахметов көтерілді. Нұртілек Қажғали күміс жүлдегер атанса, қола медаль Глеб Ивченкоға бұйырды.
Айта кетейік, дәл осы қашықтықтағы екінші сайыс 12 қыркүйекте өтеді.
Ағымдағы Қазақстан чемпионаты іріктеу кезеңі болып саналады. Оның қорытындысы бойынша құрама жасақталып, олар Олимпиада жолдамалары үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или