«Астана» – «Елімай» мен «Қайрат» – «Ақтөбе» ойындарын легионер-реферилер басқарады

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турының басты матчтарын шетелдік төрешілер жүргізетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24-ке сілтеме жасап.
14 қыркүйекте өтетін екі ойында сырттан шақырылған арбитрлер қызмет атқарады. «Астана» – «Елімай» кездесуін португалиялық Жоау Гонсалвеш бастаған бригада жүргізсе, Алматыдағы «Қайрат» – «Ақтөбе» ойынында қырғызстандық Нурзатбек Абдикадиров қазылық етеді.
Sport24 дерегінше, мұндай шешімді Қазақстан футбол федерациясы клубтар мен жанкүйерлер тарапынан жергілікті төрешілердің біліктілігіне және әділдігіне байланысты жиі айтылған сыннан кейін қабылдаған.
Айта кетейік, 2025 жылдың наурызынан бері ҚФФ-ның төрешілер және инспекторлар департаментін португал маманы Нуну Каштру басқарып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или