Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасындағы Азия кубогында алтын медаль алды

Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасындағы Азия кубогында алтын медаль алды

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия кубогының екінші күнінде бірқатар жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Рапирамен семсерлесуден командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Қазақстан құрамасы қылыш қаруымен айқасудан қыздар арасындағы командалық сайыста екі жүлдеге ие болды. Найля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық пен Леона Югай күміс жүлдегер атанса, София Андриянова, Арина Фролова, Айдана Қаратаева мен София Яковлева қола медаль еншіледі.

Сонымен қатар, рапирамен семсерлесуден Алуа Мұқанова жекелей сайыста үшінші орынға тұрақтады.

Маунтинбайктан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Иранда өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

Триатлоннан Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылардың нәтижесі белгілі болды

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или