Қазақстан әуесқой лигасы: «Қайнар» командасы финалда Жетісудың намысын қорғайды

Қазақстан әуесқой лигасы: «Қайнар» командасы финалда Жетісудың намысын қорғайды

Жетісу облысында Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған Қазақстан әуесқой лигасы ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Оған 10 команда қатысып, финалға «Қайнар» командасы жолдама алды. 

Турнир қорытындысымен: 1 орын - «Қайнар» командасы;

2 орын - «Қаратал» командасы;

3 орын - «Көксу арландары» командасы.

Сондай-ақ бірқатар ойыншы келесі номинациялармен марапатталды:

«Үздік қақпашы» - Серік Абзал («Көксу арландары» командасы)

«Үздік сұрмерген» - Хусен Асхабов («Алакөл» командасы)

«Үздік шабуылшы» - Берік Рахимбеков («Көксу арландары» командасы)

«Үздік қорғаушы» - Елдос Асқарұлы («Қайнар» командасы)

«Үздік ойыншы» - Бекзат Талғатұлы («Қайнар» командасы)

«Үздік топ жетекшісі» - Жаннұр Абишев («Қайнар» командасы)

«Алтын бала» - Махамбет Абусатиев («Қаратал» командасы)

«Үздік жартылай қорғаушы» - Жахар Абдулсалимов («Қаратал» командасы)

Жалпы Жетісудағы біріншілік алдымен әр ауданда ұйымдастырылды. 16 команданың арасынан облыстық кезеңге 10 команда өткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или