Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта Хорватия елінің өкілі Лука Пратльячичпен өзара мықтыны анықтады.

Үш раунд бойы хорватиялық қарсыласына еш мүмкіндік бермеген отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатында кем дегенде қола медальға ие болды.

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалынан әрі аса алмады

Аида Әбікеева Токио Олимпиадасының чемпионын жеңді

Бокстан ӘЧ: Карина Ибрагимова Олимпиада жүлдегеріне жол берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или