Аида Әбікеева Токио Олимпиадасының чемпионын тізе бүктірді

Қазақстандық Аида Әбікеева бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
65 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан бұрымды боксшымыз ширек финалда Олимпиада чемпионы, әлемнің үш дүркін жеңімпазы, Түркия өкілі Бусеназ Сурменелимен кездесті.
Нәтижесінде, қазақ қызы төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Келесі жекпе жегін 12 қыркүйек күні Грэйн Мари Уалшке (Ирландия) қарсы өткізеді.
Бокстан ӘЧ: Карина Ибрагимова Олимпиада жүлдегеріне жол берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или