2025 жылғы Билли Джин Кинг кубогы: финалдық кезеңге төрт топ-теннисші қатыспайды

2025 жылғы Билли Джин Кинг кубогы: финалдық кезеңге төрт топ-теннисші қатыспайды

16-21 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында әйелдер арасындағы командалық теннис турнирі — Билли Джин Кинг кубогының 2025 жылғы финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа 2021 жылғы US Open чемпионы, британиялық Эмма Радукану, «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы, жапон Наоми Осака, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, қытайлық Чжэн Циньвэнь және 2025 жылғы Australian Open жеңімпазы, америкалық Мэдисон Киз қатыспайды.

Радуканудың орнына Франческа Джонс, Осаканың орнына Нао Хибино, Циньвэньнің орнына Ван Синьюй, Киздің орнына Маккартни Кесслер қатысады.

Ширек финалда Ұлыбритания құрамасы Жапониямен, Қытай Италиямен, АҚШ Қазақстанмен, ал Испания Украинамен кездеседі. Билли Джин Кинг кубогының қазіргі иегерлері — Италия құрамасының теннисшілері.

Қазақстандық теннисші ITF рейтингінде топ-25 қатарына кірді

2010 жылы туған теннисші алғаш рет WTA турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің екінші кезеңіне шыға алмады

Қазақстандық теннисші Қытайда өтетін турнирге жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или