Дана Уайт: Файтерлердің гонорарлары туралы әңгімелердің бәрі шындыққа мүлде жанаспайды

UFC-дің бас директоры Дана Уайт бокс пен кәсіпқой аралас жекпе-жектегі гонорарлар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бокста үлкен ақша табатын жігіттердің саны саусақпен санарлық қана. Ал UFC-ге қарасақ, ақша бір топ жігіттің арасында бөлінеді. Егер сіз Конор Макгрегор, Ронда Роузи сияқты үлкен жұлдыз болсаңыз… Көптеген спортшы PPV сатуға қабілетті екенін дәлелдеді. Бізде де бокс тілінде айтқанда «джорнимендер» бар, олар миллиондаған доллар табады. Файтерлердің гонорарлары туралы әңгімелердің бәрі шындыққа мүлде жанаспайды», — деді Уайт PBS Vegas арнасына берген сұхбатында.
UFC-дің топ-файтері жеңілмеген чемпионға қарсы жекпе-жекке дайын
Илия Топурия Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или